427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


10 қазан – Психикалық денсаулық күні

  • 311
  • UPD: 12:39, 10.10.2020

10 қазан - Халықаралық психикалық саулық күні. Қазір белең алып бара жатқан аурудың бірі - депрессия. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде 300 миллионнан астам адам осы ауруға шалдыққан. Оның ішінде күйзеліске түсетін қазақстандықтар саны да көбеюде.  Психикалық денсаулықты қалай сақтау керек және жүйке жүйесін қалыпқа келтіру үшін не істеу қажет?

Жүйке жүйесі, психикалық денсаулық – бұл көптеген жан назар аударуды ұмытып кететін нәрсе. Стресс, көп нәрсеге үлгіремін деп аптығу, психикалық ауытқулардың негізгі себебі болып табылады дейді мамандар. Ең көп таралған ауру – бұл депрессия. Жыл сайын суицидтің 140 мың оқиғасы Еуропада тіркеледі. Мамандар оған қазақстанды да жатқызады. Статистика көрсеткендей, соңғы жылдары өз-өзіне қол салу оқиғалары балалар арасында белең алып барады.

Кэролайн Кларинваль, ДДҰ-ның қазақстандағы елдік кеңсесінің жетекшісі:

- Психикалық бұзылулардың көпшілігі емделусіз қалады, өйткені адамдар елемеуге тырысады, олар өздерін жеңе аламыз деген алдаумен күн кешеді, бұл дұрыс емес. Менің ойымша, психикалық денсаулық бүкіл халықты қызықтыруы керек: барлық жастағы ерлер мен әйелдер өздерінің эмоционалды жағдайына көп көңіл бөлу керек. 

Қазақстанда психиатрлардың есебінде  190 мың адам және 35 мыңға жуық бала бар. Мәди Мәмбетовке тоғыз жыл бұрын депрессия диагнозы қойылған. Оның себепсіз қайғылы күй кешуі жылдарға созылған. Ауруды жеңгеннен кейін өмірге көзқарасым түбегейлі өзгерді дейді ол.

Мәди Мәмбетов, журналист:

- Депрессияны жеңгеннен кейін көп нәрсені бағалай бастадым. Өмір қиын болса да әр сәт бағалы екенін ұқтым. Өмірде жағдайларға көзқарасым өзгерді. Мен әр сәттен бір жақсылық күтетін болдым. Ал депрессияда болғанда тіпті ешкіммен тілдескім келмейтін. Ал қазір достарым көп. Өмір қазір басқаша.

Депрессияның белгілері әр түрлі болады: адам өзін өзі бағаламайды. Әлсіреп ұйқы және тәбеттің бұзылуы да байқалады.

Елена Полиенко, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатры: 

- Ауруды емдеуде антидепрессанттар қолданылады. Психотерапиядан да өткен дұрыс. Әр маманның өз емдеу тәсілі бар. Міндетті түрде стационарлық емес, амбулаториялық негізде емделіп те жақсы нәтижеге қолжеткізуге болады.  

Депрессияны басқа ауыр психикалық аурулармен қатар қоюдың қажеті жоқ. Психологқа бару ұят деп санау қате. Қазіргідей арпалысқан заманда көпшілікке психолог мамандардың кеңесі артық етпейді дейді дәрігерлер.

Авторлар: Гүлзия Нақыпқызы, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы