428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Қан тапсыр - өмірді құтқар» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

  • 94
  • UPD: 17:48, 17.10.2020
Елордада «Қан тапсыр - өмірді құтқар» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

Елордада «Қан тапсыр - өмірді құтқар» атауымен қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Дені сау және жасы 18-ден асқан кез келген азамат донор бола алады.

Ол үшін қан тапсырушы жеке куәлігін көрсетіп, өзімен бірге антисептигін ала жүруі керек. Бұл шараның өтуіне Қазақстан халқы ассамблеясы мен Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы ұйытқы болған.

Айта кеткен жөн, бұл шара әр жылы дәстүрлі түрде өткізіледі. Былтыр қан тапсыру акциясы екі мәрте ұйымдастырылды. Ал биыл жыл басында карантинге дейін болған.

Хабар 24 телеарнасы