423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының шалғайдағы ауыл тұрғындары тегін медициналық тексерістен өтті

  • 207
Ақмола облысының шалғайдағы ауыл тұрғындары тегін медициналық тексерістен өтті

Ауылдағы медицина сапасы қаладан кем болмауы тиіс. Осындай бастама көтерген «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері Ақмола облысындағы ең шалғай елді мекендердің бірі Есенгелдіге барып, тұрғындардың медициналық көмек алуына септесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Денсаулық керуені» аясында елордадан барған білікті дәрігерлер күні бойы ауыл халқын тегін тексерді. Аталған елді мекен облыс орталығынан 300 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 240 түтін бар. 700-ге жуық халық тұрады. Ауылда фельдшерлік қосын болғанымен, медицина маманы жоқ. Ауылға ультра-дыбысты зерттеу аппараты да әкелінді. Қан сараптамасын жедел анықтайтын құрылғылар мен флюрография да бар.

Гүлбаршын Исенова, Есенгелді ауылының тұрғыны:

– Ауылда медицина қиын боп тұр. Жалғыз дәрігер. Көрші ауылдан келіп істеп жатыр. Мен өзім әйел дәрігеріне кіріп шықтым. Өте жақсы кісі. Жақсы қарады.

Қуаныш Сейтжанов, «Ауыл» ХДПП орталық аппаратының жетекшісі:

– Бұған арнайы ешқандай қаражат бөлінбейді. Партияның жекелеген демеушілерінің арқасында біз жыл сайын бірнеше шалғайда жатқан ауылдарды қамтуға тырысамыз. Осы бір іссапардың өзіне бір ауылдан 5-6 млн теңге деңгейінде қаражат жұмсалып, қызмет көрсетіп жатқан жайымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы