422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзіңіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз!

  • 125
  • UPD: 11:30, 23.10.2020
Өзіңіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз!

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларды әлеуметтік мессенджерлерде белгілі бір ақы үшін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме беру туралы алаяқтық ұсыныстардың жиілеп кеткендігін ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы өзінің зейнетақы шотынан төменде көрсетілген кез келген хабарлау тәсілін таңдап, барлық мәліметтерді тегін алуға құқылы, олар:

- www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы;

- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы.

- www.egov.kz электрондық үкімет порталында;

- пошта арқылы;

- «БЖЗҚ» АҚ бөлімшелеріне өтініш білдірген кезде.

Үзінді көшірмені алудың электрондық тәсілі арқылы үйден шықпай-ақ кез келген уақытта өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңызды тексере аласыз.

Үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы арқылы алуға болады. Оларға кіру үшін сайтқа тіркеліп, өз деректеріңіз бен құпиясөзді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе mgov.kz базасында тіркелген сіздің телефон нөміріңізге келетін бір реттік құпиясөзді пайдалану жеткілікті

Смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшаны да пайдалануға болады. ENPF қосымшасында авторланудың екі тәсілі қолжетімді: ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, сондай-ақ пайдаланушы ұялы құрылғыда бар болса, Touch ID немесе Face ID арқылы кіре алады. Ұялы қосымша Google Play, AppStore және Huawei AppGallery-де қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

БЖЗҚ қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беріп, төмендегі электрондық қызмет түрлерін алуды қашықтықтан сүйемелдеуге әрдайым дайын екенін ескерткіміз келеді:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон арқылы өтініш білдіру (тізім enpf.kz сайтына орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша call-орталыққа өтініш білдіру;

3) +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whats App және Viber чат-боттарында;

4) www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы өтініш жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар.

Салымшының жеке зейнетақы шотындағы жинақтары туралы деректері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңындағы «Зейнетақы жинақтарының құпиясы» деп аталатын 57-бабына сәйкес қорғалғанын есте ұстаған жөн.

БЖЗҚ өзіңіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеу, ал үзінді көшірмені ешкімді араластырмай, тек өзіңіз ғана тексеру туралы ұсыныс жасайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «БЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. «БЖЗҚ» құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Хабар 24 телеарнасы