425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада волонтерлердің қатысуымен «Музейдегі түн» акциясы өтуде

  • 124
Елордада волонтерлердің қатысуымен «Музейдегі түн» акциясы өтуде

Жыл сайын мамыр айында ұйымдастырылатын дәстүрлі шара биыл пандемияға байланысты күзде жалғасын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылар мен жасөспірімдер «Музейдегі түнді» квест түрінде өткізуді жөн санаған. Алдымен командаларға бөлінген олар мәдени мұра мен ұлттық құндылықтар туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Кейін тарихымызды дәріптеген «Алмас қылыш» фильмін тамашалады. Жеңімпаз топ ақшалай сыйлыққа ие болды.

Динара Сәдуақасова, республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы:

– Қазақстанда «Музейдегі түн» акциясы бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Бірақ осындай форматта бірінші рет өткізіліп жатыр. Өйткені біз қосымша тікелей эфир өткіземіз. Басқа қаладағы балалар да тікелей эфир арқылы қатысуға мүмкіндігі бар. Тура осындай іс-шаралар басқа қалаларда да өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы