424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шортанды ауылы маңындағы көпір жөндеуден өтті

  • 102
  • UPD: 11:29, 02.11.2020
Шортанды ауылы маңындағы көпір жөндеуден өтті ҚР ИИДМ

Бүгінге дейін эксплуатациялық компания эстакаданы қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті жөндеу жұмыстарын аяқтаған.

Биыл 14 қазанда «Нұр-Сұлтан-Шортанды» ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жолайрығы (Шортанды ауылы) бойынша көлік құралдарының барлық түріне қозғалыс уақытша шектелген болатын.

Көпірдегі аралық салмақтардың теңгерімсіздігі нәтижесінде деформациялық жік тіреуіштерден ажырап қалған. Бұдан аралық құрылымның консоль бөлігі жоғарыға көтеріліп, ақау пайда болған.

Айта кету керек, аталған өтпежол 12 жылдан астам уақыт бойы эксплуатациялануда. Оның ұзындығы 70 метрді құрайды. ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Нұр-Сұлтан-Шортанды ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жолайрығы (Шортанды ауылы) бойынша көлік құралдары үшін қауіпсіз әрі үздіксіз жүріс қамтамасыз етілген.

Хабар 24 телеарнасы