420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасынан «Тұншыққан сезім» телехикаясы көрерменге жол тартады

  • 95
  • UPD: 22:33, 16.11.2020

Бүгін «Хабар» телеарнасында жаңа кино туынды көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сюжеттік желісі шиеленіске толы «Тұншыққан сезім» телехикаясы екі отбасының тағдырын баяндайды.

«Тұншыққан сезім» отбасылық драмасының оқиға желісі өмірден алынған. Басты кейіпкер Әлібек құмар ойынның жетегінде кетіп, бүкіл бизнесін құрбан етеді. Бұл жағдай отбасына да әсер етпей қоймайды. Фильм шаңырақтың берік болуы – еліміздің тұтастығы мен татулығының көрінісі екенін көрерменге жеткізуді мақсат тұтқан.

Айгүл Кәден, актриса:

– Қазақтың қай отбасында да әйел адам отбасын сақтап қалғысы келеді. Мына жерде күйеуім кішкене ойынқұмар, сол жолды қалап жүрген ер азамат.

Телехикаяға түсетін актерлер қатаң іріктеуден өткен. Режиссер Санжар Омар, кейіпкердің жан дүниесін аша алатын білікті мамандарға көбірек басымдық беріпті. Телехикая жас актерді де, кәсіби маманды да жаңа қырынан танытпақ.

Аиша Өміралинова, екінші режиссер:

– Бірінші фотосын жібереді, фотоларын таңдаймыз, одан кейін видео карантиннің кезінде болды. Одан кейін қайтадан шақырдық. Ансамбльмен шақырдық. Ең ұзақ кастинг осы сериалда болған шығар. Өйткені екі кезең емес, 5 кезеңнен өтті.

Телехикаяның түсірілімі көктемдегі төтенше жағдай кезінде болған. Қиындықтарға қарамастан, жұмыс тоқтаусыз жүрді дейді шығармашылық топ өкілдері. 15 бөлімнен тұратын жаңа туынды бүгін кешкі сағат 22.40 «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы