422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында карантин талаптарын бұзған 83 дерек тіркелді

  • 56
  • UPD: 09:28, 17.11.2020
Алматы облысында карантин талаптарын бұзған 83 дерек тіркелді

Алматы облысында құрылған мобильді мониторингтік топтар бір аптаның ішінде карантин талаптарын бұзудың 83 дерегін тіркеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпсіздік шаралары көбіне сауда үйлері мен дүкендер және шаштараз, сән салоны сынды қызмет көрсету орындарында сақталмаған. Негізінен ғимарат ішінде залалсыздандыру сұйықтықтарының болмауы, тұтынушылардың бетпердесіз жүруі жиі кездеседі. Кафе, мейрамханалардың да жиын-тойларды жасырын өткізгені әшкереленді. Толтырылған әкімшілік хаттама облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған.

Бағдат Әшімов, облыстық ПД жергілікті Полиция басқармасының бастығы:

– Алматы облысында 35 мобильді топ жұмыс атқаруда. Олардың жұмысы карантин талаптарын бұзбауға бағытталған. Мобильді топ 3,5 ай ішінде 1000-нан аса карантин талаптарын бұзу деректерін анықтады. Аталған деректер бойынша шара қолданылып жатыр. Сенбі, жексенбі күндері бұл жұмыс күшейтіледі.

Хабар 24 телеарнасы