425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкент қаласының автопаркі жартылай жаңарады

  • 301
  • UPD: 20:16, 01.12.2020
Шымкент қаласының автопаркі жартылай жаңарады

Бүгін 150 жаңа автобус жолға шықты.

Жалпы тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамту мақсатында жаңадан тағы 440 автобус әкелінбек. Жолаушы тасымалдауға арналған бұл автобустардың сапасы да жоғары. Бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондармен жабдықталған. Сонымен қатар автобустарда пандус пен мүгедектердің арбаларын орналастыратын орындар да қарастырылған. Су жаңа қоғамдық көліктер бүгіннен бастап жолға шықты.

Айта кетейік, шаһарда жолаушылар тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде қала әкімдігі тарапынан былтыр да 300 автобус сатып алынған болатын.

Ержан Жолдасов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Осы айдың соңы және келесі 2021 жылдың қаңтар-ақпан айына қалған автобусты беру жоспарда. Енді алда 440-ын береді. Қазір 150-ін беріп қойды. Сонымен біздің қаладағы 3 жылдық және 3 жылға дейінгі автобустар 87% құрайды. Бұрынғы Шаулин басқа да газельдердің барлығы нарықтан кетеді. Негізінен қалада осы үлкен автобустар болады.

Хабар 24 телеарнасы