Каспий теңізінде үйректерді үркіткендер жазаға тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шекара қызметінің өкілдері 2 бірдей балықшыға айыппұл салды. Оқиға өткен аптада болған. Яғни, моторлы қайық мінген балықшылар Каспий теңізінде жүзіп жүрген үйректерді жайратып кеткен. Онысын өздері таспаға түсіріп, жазбаны әлеуметтік желіге салған.