423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда жылқының қырылуына байланысты жауапты басқарма түсініктеме берді

  • 168
  • UPD: 20:35, 20.12.2020

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында қақаған қара суықтан 200-ге жуық мал қырылды. Жылқылардың барлығы жайылымда жүрген. Шетпе ауылының маңынан 100, Ұштаған ауылынан 50, Онды ауылының маңынан 40 жануардың өлексесі табылды.

Осы жағдайға байланысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары түсініктеме берді.

Жауапты мамандардың айтуынша, соңғы күндері өңірде қар жауып, күн бірден суытып кеткен. Мұз қатқан жерден шөпті түртіп жей алмаған жануарлар әлсіреп құлаған.

«Мал иелері жылқыларын қысқа дайындап, мал азығымен қамтамасыз етуі керек еді. Күйі жоқ жануарлар суыққа шыдай алмай қырылды. Ал қорада ұстаған шаруа қожалықтарының малы дін аман», - дейді басқармадағылар.

Айта кетейік, биыл өңірде жайылымның шабындыққа жарамсыздығына байланысты көрші облыстардан шөп мен жем тасымалданған. Мал азығы жеткілікті. Қазір облыс әкімдігінің тапсырмасымен қосымша жемнің тағы 500 тонна қоры жасақталды. 235 тоннасы үш ауданға таратылып берілді. Қалғаны жолда келе жатыр.

Бақтыбай Ізімтаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Өліп жатқан малдар қорасында жемнің, шөптің жоқтығынан өліп жатқан ештеңесі жоқ. Далада он күндік суыққа, желге шыдас бермей әлсіздігінен шығынға ұшырады. Күн жылынды. Дегенмен, де арқамызды кеңге салатын кез емес. Алдымызда қаңтар бар, ақпан айы, наурыз айы отыр. Осы айларда болатын боранның алдын алып, аман-есен шығару үшін қазір күннің жылы уақытында малды жылы сумен суғарып, жемін берсе әрі қарай жақсы болып алып шығады деген сенмдеміз.

Хабар 24 телеарнасы