Еліміздегі барлық банк штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі бірлесіп мәлімдеді.

«Екінші деңгейлі банктердегі» барлық банктік қызметтер – жалақы мен зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу және алу, оларды банкоматтар арқылы шешу секілді қызметтер үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қаржы ұйымдарына тиесілі банкоматтар мен терминалдар қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта интернет желісіндегі жалпы іркілістерге байланысты банк қосымшалары мен төлем терминалдарының жұмысында уақытша кідіріс бар. Ал әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан – несиелерді есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Сондай-ақ...