434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БАҚ өкілдеріне төтенше жағдайдағы жауапкершілік туралы ескертілді

  • 56
  • UPD: 00:12, 06.01.2022
БАҚ өкілдеріне төтенше жағдайдағы жауапкершілік туралы ескертілді Sputnik Кыргызстан

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 5 қаңтардағы жарлықтарымен Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Осыған орай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ көрінеу жалған ақпараттың таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылау функцияларын атқаратын, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі артады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус COVID-19 пандемиясын жариялауына байланысты соңғы уақытта елде көрінеу жалған ақпараттың таралуы байқалады.

Қалыптасқан мән-жайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі күшейетіні туралы хабардар етеді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-1- бабының 2- бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен көрінеу жалған ақпаратты орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Бұл ретте ӘҚБтК 57- бабының 9) тармақшасына сәйкес дүлей зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танылады.

Сондай ақ телерадио хабарларын тарату операторларының және теле-, радиокомпаниялардың адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету сигналын, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде сигналды уақтылы таратпауы   лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК – нің 452-бабы 9-бөлігінің 3) тармақшасы).

Құқық тәртібін бұзуға немесе ұлтаралық және діни алауыздықты тудыратын әрекеттері, жеке және лауазымды адамдардың өздерінің заңды құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруына белсенді түрде кедергі келтіргені немесе қоғамдық тәртіп пен адамдардың тыныштығын бұзатын іс-әрекеттері, сол сияқты Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасында төтенше жағдай жарияланған аумақтарда жасалса, ӘҚБтК-нің 478-бабында қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алу көзделген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 54-баптың 1- бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес төтенше жағдай және төтенше жағдай жағдайларында қылмыстық құқық бұзушылық жасауды қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп таниды.

Мысалы, төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат тарату үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігінің 2) тармақшасы).

Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың және мессенджерлердің назарын төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға қабілетті көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ өзге де құқыққа қарсы ақпаратты тарату фактілеріне жол бермеуге аударады.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы