Семейде жағдай тұрақталды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қаладағы кәсіпорындар мен қаржы мекемелерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Хабар 24.

Шаһар өмірін қамтамасыз ететін барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жиын барысында Даниал Ахметов қала тұрғындары әлеуметтік төлемдер мен зейнетақысын уақытында алатынын атап өтті. Бұл үшін банк секторы қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

– Жалпы жағдай бірқалыпқа келді. Десек те төтенше жағдай режимі жалғасуда. Өйткені лаңкестікке қарсы операциялар әлі толық тоқтаған емес. Қазір біз ішкі және сыртқы жаумен күресіп жатырмыз. Ахуалға байланысты нақты шешім қабылдап келеміз. Мемлекет пен халық мүддесіне қарсы шыққандар жауапқа тартылады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті