Алматыда әлеуметтік нан тапшылығы шешіледі

Алматыда супермаркеттердің, жанар-жағармай құю бекеттері мен дәріханалардың жұмысы жанданып келеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ал Алматыда әлеуметтік нан тапшылығы алдағы 3-4 күнде толық шешіледі. Бұл туралы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. «Ақсай нан» комбинаты қиын жағдайға қарамастан, жұмысын тоқтатқан жоқ. Біра, өнім көлемі азайған. Өйткені лаңкестердің кесірінен комбинат қызметкерлері жұмысқа жете алмай қалған. Бензин тапшылығы да әсер еткен. Комбинат нан бағасын бұрынғыдай 80 теңгеден асырған жоқ. «Бөлке нанды қымбаттатып отырған ортадағы делдалдар» дейді комбинат өкілдері. Ертең қаладағы тағы бір ірі нан комбинаты жұмысын қайта бастайды. Алматыда үй жанында орналасқан 3,5 мыңнан астам дүкен бар. Олардың ассортиментін толықтыру да шешіледі.

Зәуре Нұрланова, кәсіпкер:

– Сүт таусылды, ұн таусылды. Май таусылды. Қалғанының барлығы бар. Бір тұрғын келді. Ертеңге сүт алды, пельмен алды. Барлығы бар, ертең бәрі жеткізіледі.

Еркебұлан Оразалин, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы:

– Ең негізгі өндірістік компанияларымыз 120 санындағы өз жұмысын бастайды азық-түлік бағытындағы. «Ақсай нан» жұмысын тоқтатпаған. Оған қосымша дүйсенбіден бастап «Алматы нан» комбинаты жұмысын қайта бастайды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды