378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада үсік шалған екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді

  • 341
  • UPD: 13:54, 25.12.2018
Астанада үсік шалған екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді elorda.info

Соңғы күндері Астанада  ауа температурасының күрт төмендеп кетуіне байланысты 7 адам медициналық мекемелердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың екеуін үсік шалған. Екеуі де колледж студенті. Жасөспірімдер бірден ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің хабарлауыша, жағдайлары орташа дәрежеде ауыр деп есептеледі. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал қалғандарына амбулаториялық жәрдем көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы