386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында бір үйдің екі баласы суға кетті

  • 228
  • UPD: 20:46, 15.07.2019

Павлодар облысында ағайынды екі бала  суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

2004 және 2008 жылы туған жеткіншектердің денесі әлі табылмаған. Қайғылы жағдай Ақсу қаласында болған. Жасөспрімдер отбасымен табиғат аясында демалуға барып, Ертіс өзенінің негізгі арнасында суға шомылған. Құтқарушылар 8 күн ішінде бес баланың өлімі судан келгенін айтып, дабыл қағуда. Қайғылы оқиғаның бәрі дерлік рұқсат етілмеген жағажайларда суға шомылғандықтан болып отыр. Ақсу аумағында суға кеткен балалардың денесін іздеуге өзеннің қатты ағысы, су астындағы тастар мен ағаштар қиындық келтіріп тұр. Астап ыстық алдағы күндері де жалғасады. ТЖД сақтық шараларын күшейтіп  әсіресе балаларға абай болуды ескертеді.

Серік Шериязданов, облыстық тжд жедел құтқару отряды басшысының орынбасары:

- Негізгі критерий бойынша бізде үш күн сүңгуір жұмыстары жүргізіледі. Одан кейінгі 7 күн судың бетімен құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізеді. Павлодар облысының тұрғындарына өтініп сұрайтынымыз, қазіргі міне, шілде айының соңына дейін облыс бойынша ауа температурасы күрт жоғарылайды, 30-35 темпаратура күтілуде. Сол себептен рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауды өтінеміз. Алкогольдік ішімдік ішіп шомылмауды өтінеміз және де су айдынында балаларды қараусыз қалдырмауды өтінеміз.

Хабар 24 телеарнасы