385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда осы уақытқа дейін мектеп көрмеген 8 жасар бала табылды

  • 196
  • UPD: 22:27, 16.08.2019

Алматыда 8 жастағы бала әлі күнге мектепке бармаған. Мұны Түркісіб аудандық ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері анықтады.

Бұл баланың қатарластары биыл екінші сыныпта оқиды. Ал оның 8 жасқа дейін не себепті мектеп табалдырығын аттамағанын қазір тисті орындар анықтап жатыр. Әкесінің айтуынша, жұмысы таулы жерде болғандықтан мектепке қатынайтын мүмкіндік жоқ. Қазір бала әжесінің қолында. «Денсаулығы жақсы, оқып, әріп танысам деген құлшынысы бар» дейді полиция қызметкерлері.

Гузель Мұсаева, Түрксіб аудандық ювеналды полициясының аға инспекторы:

- Қазіргі уақытта бізден аудандық білім басқармасына баланы оқуға орнына орналастыру туралы ұсыныс берілді. Және осы Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан көмек беріледі. Оған мектеп жабдықтарымен және мектап формасын алуға көмек береміз.

Хабар 24 телеарнасы