387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда 1 жастағы сәби терезеден құлап аман қалды

  • 120
  • UPD: 19:46, 26.08.2019
Жезқазғанда 1 жастағы сәби терезеден құлап аман қалды

Жезқазғанда терезеден құлаған 1 жастағы сәби періштесі қағып аман қалды. Қазір ауруханада, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің айтуынша, баланың иық сүйектері сынып, миы шайқалған. «Қазір жағдайы бірқалыпты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ», - дейді ақ халаттылар.

Айта кету керек, бұл жыл басынан бері тіркелген 16-шы оқиға. Оның ішінде екі бала қаза болып, 14-і түрлі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Ерік Шонбаев, Х.Мақажанов клиникасы  ахуалдық орталығының меңгерушісі:

- Соңғы жылдары балалардың терезе торынан құлауы жиілеп кетті. Пластикалық терезелер балалардың құлауына жол бермейтін арнайы құралдармен жабдықталмаған. Балалар терезедегі торға сүйеніп тұра алатындарын ойлап шығады, нәтижесінде құлап кетеді. Өкінішке қарай, кейбір жағдайларда балалар жедел жәрдем келгенше көз жұмып жатады, сонымен қатар ауруханаға алып келгеннің өзінде де алған ауыр жарақаттардан қаза болып жатады.

 

Хабар 24 телеарнасы