388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда анасы мен баласы ломбардтан алтын бұйым ұрлаған

  • 155
  • UPD: 11:44, 06.11.2019

Қостанай облысында көлік көпірден құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудан орталығы Денисов ауылынан Антонов елді-мекеніне бағыт алған 57 жастағы жүргізуші рөльге ие бола алмай, көпірдің қоршауын бұзып бірнеше метр биіктіктен құлап кеткен. Белгілі болғандай, ол темір тұлпарды мас күйінде басқарған. УАЗ жүргізушісі мен жолаушы аздап дене жарақатын алған. Олар Денисов аудандық орталық ауруханасында ем-дом қабылдап жатыр.

Жамбыл облысында есірткі дайындаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданы Қызыл-Шаруа ауылының іргесінде болған. Полицейлер 5 адамды «Құлдыбай» құмды аумағында кендір қурайды жинап, есірткі дайындау үстінде қолға түсірді. Күдіктілер көзге түспес үшін қылмыстық әрекеттерін түнгі уақытта жүзеге асырмақ болған. Олардан 150 келіге жуық марихуана мен өсімдікті оруға арналған орақ тәркіленді. Қазір үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Енді олар 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кету керек, өңірде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 3 тонна есірткі затртарын тәркілеген.

Асхат Әлметов, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы:

– Біздегі ақпарат бойынша бұлар сату мақсатында әрі қарай өткізу үшін есірткі затын дайындаған. Жинап, дайындап, сол жерге көміп кетпекші болған. Қай кезде керек болады, сол кезде алып кетуге дайындалған есірткі заты болған.

Жол апатынан үш адам зардап шекті

Алматыда көліктер бетпе-бет соқтығысып, үш адам қаза тапты. Жол апаты Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшелері айырығындағы көпірде болған. БМВ жүргізушісі дымқыл асфальттан рөльге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Тойотамен соқтығысқан. БМВ қожайыны мен жапондық маркалы көліктің жүргізушісі, ішінде болған жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Ломбардтан алтын ұрлағандар күдікке ілінді

Оралда әйел кішкентай баласымен ломбардтан алтын сақинаны қолды қылған. Ұрылар қала полицейлерімен іздестіріліп жатыр. Олардың әрекеттері ломбардтағы бақылау камерасына түсіп қалған. Алғашында күдікті әйел баласымен әшекейлерді таңдап жатқан әсер қалдырады. Бірақ осы мезетте шамамен 5-7 жасар баланың өзге келушілердің сөмкелерін ақтарып жатқанын көруге болады. Тәртіп сақшыларына ломбард қызметкерінен әйелге қатысты арыз келіп түскен. Ол ұрлық дерегі бойынша күдікті саналады. Полицейлер осы әйелден зардап шеккен өзге тұрғындар жайлы ақпарат жинап, оның тұрғылықты жерін анықтап жатыр.

Дәмхана өртенді

Жезқазғанда дәмхана отқа оранды. Алғашқы өрт сөндіру жасағы келгенше тамақтанатын орынның шатыры мен жоғарғы қабаты жанып кеткен. 195 шаршы аумақты шарпыған жалын үш сағаттың көлемінде толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталу үстінде.

Тұрғын үйдің күнқағары опырылып түсті

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс күнқағары құлап түсті. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Куәгерлердің айтуынша, бетонды конструкция түнде болған жаңбыр мен қардан опырылып түскен. Күзгі тексеріс кезінде коммуналшылар оны апатты деп танып, бөлшектеп үлгірмеген. Қазір үйге кіреберіс аймақта үйінділер тазаланып жатыр. Енді бұл жерге металлды күнқағағар орнатылмақ.

Қару-жарақ сақтаған қойшы ұсталды

Алматы облысының тауларында 36 жастағы тұрғыннан бір үйме қару-жарақ тәркіленді. Райымбек аудандық полициясының қызметкерлері Үлкен Талдысай таулы аймағында орналасқан алыс учаскелердің бірінен кішігірім қару-жарақ қоймасын тапқан. Онда төрт аңшы мылтығы, бір мылтық, сондай-ақ екі бөлек мылтық ұңғысы және түрлі калибрлі патрондар табылды. Тәркіленген қару-жарақтар еш жерде тіркелмеген боп шыққан.

Серік Үпиев, полиция департаментінің ресми өкілі:

– Мал өсірумен айналысатын ауыл тұрғыны аталған арсеналды бірнеше жыл бойы таудан тауып алғанын және жинағанын жеткізді. Тексеру барысында аталған азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды. Сонымен қатар оның қандай да бір құқық бұзушылық жасамағаны белгілі болды. 

Хабар 24 телеарнасы