Ақмола облысының Есіл ауданында боранды күні шөп әкелуге кеткен үш тракторшы адасып кетті, деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Олар Есіл ауданының Ақсай және Красивое ауылдарының ортасында жоғалып кеткен. «Престиж» шаруа қожалығының үш тракторшысы К-700, МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторларына мініп, шөпке кеткен. Жұмысшылар кеше таңертең діттеген жеріне барып, шөп артып, кешкісін ауылға қарай жолға шыққан. Қайтар жолда із-түзсіз кетті. Әуелі табылады деп үміттенген, бірақ бүгін таңертең ауылдықтар көмек сұрап бізге келді», - дейді Есіл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ержан Қаппасов. Жұмысшыларды іздеу жұмысы әлі нәтиже берген жоқ. Өйткені дәл қазір далада ештеңе көрінбейтін ақтүтек боран соғып тұр.