380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа жыл түні Алматыдағы Grand Asia бизнес орталығынан да өрт шықты

  • 169
  • UPD: 13:41, 01.01.2020
Жаңа жыл түні Алматыдағы Grand Asia бизнес орталығынан да өрт шықты

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тілсіз жау туралы хабар кезекші пультке түнгі сағат 12:30-ла түскен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, керамикалық мәрмәр тақтайшалардың астындағы жылу сақтайтын шыны мақта жанған. Тілсіз жау ғимараттың 150 шаршы метрін шарпыған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Өртті сөндіруге 15 арнайы техника мен 43 адам жұмылдырылған. Өрт жаңажылдық отшашудың кесірінен шығуы мүмкін деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы