380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да қаскөйлер кәсіпкердің отбасын өлтіріп кетті

  • 144
  • UPD: 13:06, 15.01.2020
БҚО-да қаскөйлер кәсіпкердің отбасын өлтіріп кетті

Батыс Қазақстан облысының Янайкин ауылында жергілікті кәсіпкердің отбасы қаза тапты, деп хабарлады uralskweek.kz.

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйдің ішінен пышақ жарақаты бар үш адамның мәйіттін тапты. Қаскөйлер Запрометовтер отбасын өлтіріп, өртеп жібермек болған.

Үш кісінің өлімі 15 қаңтарға қараған түні белгілі болды. Өрт сөндірушілер 22:40-та ауылдың шетінде Запрометовтер отбасы тұратын үйден шыққан өртті сөндіруге келген. Үйдің төбесі өртенген. Өрт сөндіру кезінде үш мәйіт табылды. 

Қайғылы оқиғадан 66 жастағы Александр Запрометов, оның жұбайы Валентина және олардың 42 жасар ұлы көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде. Александр Запрометов бұрын «Янайкино» совхозының директоры болған. Совхоз тарағаннан кейін мал шаруашылығымен және жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

Хабар 24 телеарнасы