476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырауда абақтыға ақша өткізбек болған азамат ұсталды

  • 427
  • UPD: 19:24, 11.03.2020
Атырауда абақтыға ақша өткізбек болған азамат ұсталды

Атырауда уақытша оқшаулау абақтысында отырған ломбард директорына кездесуге келген азамат оның киіміне жасырып ақша өткізбек болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұтқындармен кезекті кездесуге келген танысы тамақ пен киім әкелген. Тексеру барысында киімнің арасынан 45 мың теңге шықты. Қазір тыйым салынған затты абақтыға өткізбек болған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық бабымен хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы