426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды

  • 830
  • UPD: 13:09, 18.05.2020
Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды inform.kz

Қазақ журналистикасы қабырғалы өкілінен айырылды.

Танымал журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастады. Ол қамшының сабындай ғұмырын қазақ телевизиясына арнады. «Рахат», «31-ші арна», «Хабар» телеарнасында, Президент телерадиокешенінде қызмет етті. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры қызметін атқарды. 2013-2017 жылдары «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілген «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. Кейін «Қарекет» бағдарламасының тізгінін ұстады. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды. Осыған дейін ел ішінде Бейсен Құранбектің ауыр дертке шалдыққаны айтылған еді. Оның жарқын бейнесі, жайдары мінезі ел есінде қалары анық. «Хабар 24» арнасының ұжымы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады.

Хабар 24 телеарнасы