425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылды

  • 316
  • UPD: 12:34, 11.06.2020
Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылды

Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде сағат 01:56-де 11 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Жоғалған бала Атырау қаласының маңындағы Еркінқала-2 кентінде тұрған. Ол кеше кешкі сағат 18:00 шамасында із-түссіз жоғалып кеткен.

«Іздестіру кезінде бала тұрған ауданның барлық маңы тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Жайық өзенінің жағасынан велосипед пен баланың заттары табылды. Ал сағат 8:10-да департаменттің жедел құтқару жасағының 5 қызметкері, 1 техника, 1 кинологиялық құрам, 1 қайығымен Жайық өзені тексерілді. Өкінішке орай жоғалған баланың өлі денесі өзеннің суға түсуге жабдықталмаған жерінен табылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы