419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда мас жүргізуші көлігімен ағашқа соғылды

  • 149
  • UPD: 12:54, 23.11.2020
Теміртауда мас жүргізуші көлігімен ағашқа соғылды

Теміртау қаласында мас жүргізуші ағашқа соғылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Теміртауда 22 қараша күні сағат 04:00 шамасында 29 жастағы «Мерседес Бенц» автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылымен келе жатып, көліктің тізгініне ие бола алмай ағашқа соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің 30 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Медициналық куәландыру өткізу барысында жол апатын жасаған азаматтың мас күйде болғаны анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы