Қақтығыс кезінде сарбазды өлтірген күдікті ұсталды

Қызылордада 55\47 әскери бөлімінің сарбазы Мадияр Қайсаровты өлтірген күдікті ұсталды. Ол 31 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық Ұлан қатарына Қарағандыдан шақырылған жауынгер 5 қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмған болатын. Қазір ауыр қылмысқа барған күдіктіге қатысты 2 бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды. Жалпы бүгінгі таңда полиция органдарына 400-ге жуық адам жеткізілді. 

Президент жанқиярлық көрсеткен әскерилерді наградтады

Жан дегенде жалғыз баламыз еді – Қаза тапқан сарбаздың әкесі

Бектөре Сұлтан, облыстық ПД бастығы:

– Анықталған тұлғалардың 62-сі қамауға алынды. Соның ішінде Ұлттық Ұлан сарбазын өлтірді деген күдікпен адам қамалды. Төтенше жағдайға түсінікпен қолдаумен қараған азаматтарға алғысымды айта отырып, қызмет борышын атқаруда қаза болған Қайсаров Мадияр Оразалыұлының отбасына көңіл айтамын.

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты