386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде өңіраралық кооперация жемісін бере бастады

  • 735

Ақтөбенің дүкендерінде отандық өнім түрлері молайды.

Өңіраралық кооперация бойынша әкелінген тауарлар арнайы сөрелерге қойылған. Бұрын негізінен азық-түлік өнімдері тасымалданса, енді шаруашылық заттары жеткізіле бастады. Мысалы, қаладағы ең ірі гипермаркет Алматыда жасалған тұрмыстық-химиялық бұйымдардың 150 түрін сатылымға шығарды. Ыдыс-аяқ, еден және жиһаз жуатын сұйықтықтар, сусабын мен өзге де косметикалық заттар үлкен сұранысқа ие. Аймақ Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен өзара өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жоба жүзеге асырыла бастағалы бірқатар тауар бағасы 10-15%-ға төмендеген.

Орынбасар Ысқақов, қала тұрғыны:

- Жаңа өнім түрін пайдаланып көрсек деймін. Жұбайыма ыдыс жуатын сұйықтық және сусабын сатып алдым. Осындай тауарлардың Қазақстанда жасалатыны қуантады. Әрі отандық өнімнің нарықтағы бағасы төмен болады. Біз өз өнімімізді сатып алып, кәсіпкерлерді қолдауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы