386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Сенат депутаттарының осы сессиядағы соңғы жалпы отырысы өтті

  • 375
  • UPD: 17:45, 29.06.2017

Қазақстан қырғыздарға 100 млн долларға көмек көрсетеді. Бүгін Парламент сенатының отырысында Қазақстан мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы заң жобасы мақұлданды.

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасын бақылау мақсатында мемлекет басшылары деңгейінде Қырғызстанға көмек көрсету туралы шешім қабылданған болатын. Екі ел үкіметтері арасындағы көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға 2016 жылы Санкт-Петерборда қол қойылған.

Аталған хаттама мемлекеттер арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді іске асыру мақсатында әзірленген. Келісімнің бірінші бабына сәйкес, Қырғыз елінің Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциясы процесіне жәрдемдесу мақсатында Қазақстан 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі көмек көрсетеді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Көмек бірнеше транштармен берілетін болады. Әр кезде жеке техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаларға қол қойылады және ратификацияланады. Екіншіден іс-шаралар тізбесіне Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы бойынша іс-шаралары ғана кіреді. Үшіншіден, көмек ақшалай қаражат, тауарлар мен қызметтер, оқыту формалары арқылы көрсету мүмкін. Төртіншіден, Қырғыз тарапы көмекті пайдаланғанын және ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жауапты. Бесіншіден, транштардың жүзеге асырылу қорытындысы бойынша оны пайдалануды бақылау қамтамасыз етіледі.

Бүгін Сенат депутаттарының осы сессиядағы соңғы жалпы отырысы болды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне палатаның конституциялық өкілеттігін іске асыру бойынша бірлесіп атқарған нәтижелі қызметтері үшін ризашылығын білдірді.

«Тұтастай алғанда, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің жаңа кезеңіне бейімделген заңнамалық базаны жетілдіру бойынша тыңғылықты жұмыс жасалды», – деді Парламент Сенатының төрағасы.

Хабар 24 телеарнасы