366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Сейданов: Жолдауда айтылған әрбір бастама – ұлы ой мен терең пікірдің түйіндемесі

  • 169
  • UPD: 23:26, 07.10.2018

Елбасы Жолдауын өзбекстандықтар да аса ыждахаттылықпен тыңдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Маңызды құжатта айтылған әрбір бастама ұлы ой мен терең пікірдің түйіндемесі», – дейді ташкенттік ғалым. «Тұран» академиясының академигі Қалдыбек Сейданов бұл жолғы бағдарламада қазақстандық модульдің дүниежүзілік маңыздылығы ескерілген деп отыр. «Өйткені онда Ұлы дала елінің кемелді келешегі айқын көрсетілген», – дейді жазушы. Елдегі достық пен этносаралық келісім Қазақстанның әлем алдындағы беделін арттырды. Ал өзгелерде жоқ Ассамблея соның қозғаушы күшіне айналды. «Бағдарламада елдің жүрегі ауыл мен отандық өнімге, жастар мен педагогтардың  дәрежесін көтеру, білімге ерекше мән берудің өзі ерекше құбылыс», – дейді ғалым. Тарихы тамырлас елдердің әрбір жетістігіне қуана білетін қандасымыз жолдау қазіргі дәуірдің заманауи технологиясы мен экономиканы қарқынды дамыту арқылы ұлы мақсаттарға жетуге негіз болады деп отыр.

Қалдыбек Сейданов, Өзбекстан Республикасы «Тұран» академиясының академигі:

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ халқына деген жолдауын көріп, бір серпілгендей болдым. Өйткені бүгінгі таңда алда тұрған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің барлық салаларын терең қамтығандығымен бұл жолдау айрықша адамды серпілте түсті. Теңіздей терең білімге ие болған сайын, халықтың жағдайы жақсарып, әлеуметтік деңгейі кең өріс алады. Өйткені білім арқылы барлық мәселеге ақылдың көзімен қарау мүмкіндігі пайда болады. Сондықтан білімге айрықша мән берудің өзі ерешке құбылыс деп ойламын. Бұл салада да Қазақстан Президенті өте орынды пікірлер қозғады. Яғни дәрігерлік білімді жетілдіру мәселесі әрбір сала бойынша өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарап, әлемде өркениетті елге айналған 30 мемлекеттің қатарынан ойып орын алу үшін білім мен сау саламаттылықтың мықты болуы әр уақытта керек-ақ.

Хабар 24 телеарнасы