382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаты: Қазақстанның басты құндылығы – ажарлы елордасы

  • 269
  • UPD: 15:21, 17.12.2018

Неміс депутаты Альберт Вайлер де қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның пайымынша, егемен Қазақстанның басты құндылығы – ажарлы елордасы. Оның көз тартар көркі шетелдіктерді баурап алады. Саясаткер Қазақстан мен Германияның туризм саласын дамытуда ортақ жобалары көп болса дейді. 

Альберт Вайлер, Бундестаг депутаты:

- Біздің елдер тығыз қарым-қатынаста. Мен Қазақстанда жиі боламын. Соңғы рет Астананың 20 жылдығымен құттықтап қайтқанмын. Астананың даму қарқыны күшті. Жаңа архитектуралық кешендері маған қатты ұнайды. Менің достарым демалыс орны ретінде Астананы таңдап жататынын айтып өткім келеді. Туристер үшін бұл ел аса тартымды. Осы саладағы байланысымызды нығайта түсу керек деп ойлаймын. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Дами беріңіздер! Қос елге тығыз экономикалық байланыс тілеймін!

Хабар 24 телеарнасы