389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Терроризмге қарсы күресте Қазақ елі белсенді – Халықаралық сарапшы

  • 582
  • UPD: 12:08, 23.01.2019

Қазақстанның Сириядан өз азаматтарын отанына қайтаруы халықаралық қауымдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. Сарапшылар терроризмге қарсы күресте Қазақ елінің белсенділігін атап өтті. Сингапурдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Бурхан Гафур пікір білдіріп, өз ойын ортаға салды.

Бурхан Гафур, Сингапурдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде атқарған еңбегін мақтан тұтамыз. Осы екі жылда ол тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды үлесін қосты. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бітімгерлік әрекет пен дипломатия жағынан өте белсенді әрекет етті.

Хабар 24 телеарнасы