387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Мемлекеттік хатшысы Б.Сағынтаев Халықаралық әйелдер күніне арналған концертке барды

  • 829
  • UPD: 23:45, 07.03.2019

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Бақытжан Сағынтаев Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концертке барды.

Мемлекеттік хатшы концерт алдында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан еліміздегі әйелдер қауымын Халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының құттықтау сөзінде қоғам өміріндегі және мемлекетті дамыту ісіндегі әйелдердің рөлі айрықша аталып өткені туралы айтты.

– Сіздер елдіктің жүгін ер-азаматтармен бірдей арқалап, сан түрлі салада табысты еңбек етіп, мемлекетімізді нығайтуға, елдігімізді баянды етуге бірегей үлес қосып келесіздер, – делінген құттықтауда.

Сондай-ақ Елбасының құттықтауында әйелдер қауымы шаңырақтың берекесі мен отбасылық құндылықтарды сақтап, бүкіл қоғамның үйлесімді дамуына септігін тигізіп отырғаны жөнінде айтылған.

– Барша қазақстандық аналарға жан-жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық жасау – ер-азаматтардың борышы және мемлекеттің ең басты міндеті. Біз осы үдеден шығу үшін аянбаймыз, – делінген құттықтау сөзде.

Концертте «Astana Ballet», «Жастар» театрларының өнерпаздары, халық әртістері Ә.Дінішев, Р.Рымбаева, сондай-ақ танымал орындаушылар Р.Малцагов, Р.Нұржігіт, Ayree, Н.Керменбаев, Ә.Оқапов, А.Жорабаева, «Жас сарбаз» балалар хоры, Қ.Әбілдина студиясының шәкірттері өнер көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы