378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылық жастар: Еліміз әрі қарай дамуы үшін президенттік сайлаудың маңызы зор

  • 125
  • UPD: 23:27, 26.04.2019
Сырбойылық жастар: Еліміз әрі қарай дамуы үшін президенттік сайлаудың маңызы зор

Алдағы Президент сайлауына белсене қатысу еліміздің болашағы үшін маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Қызылордада өткен түрлі этнос жастарының форумында Сыр өңірінің белсенді өрендері осындай ой білдірді. Биыл елімізде Жастар жылы жарияланды. Жастарды қолдауға арналған әлеуметтік сатының ауқымды платформасы қалыптасып келеді. «Осындай берекелі бастамалар жолын жалғастыру үшін елдегі тұрақтылық пен татулықтың тұғыры берік болғаны керек», – дейді белсенді жастар. 

Елена Павлова, форумға қатысушы:

- Бүгінгі таңда барлығымыз еліміз үшін маңызы зор саяси науқан – кезектен тыс Президент сайлауының қарсаңында жиналып отырмыз. Еліміз әрі қарай дамуы үшін бұл сайлаудың маңызы зор. Біз бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Президент сайлауына қатысуымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы