383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джонни Меликян: Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында маңызды міндеттер тұр

  • 94
  • UPD: 14:05, 11.06.2019

Арменияның саяси және құқықтық зерттеулер орталығының жетекшісі Джонни Меликяннің мәлімдеуінше, Қазақстан халқының таңдауы өте орынды.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі оның кәсіби тәжірибесіне негізделген. Жаңа президенттің алдына Елбасы бастаған демократиялық реформалар мен саяси-экономикалық жобаларды жалғастыру, сондай-ақ халықаралық сахнада ел беделін көтеру секілді маңызды міндеттер тұр. 

Джонни Меликян, саяси және құқықтық зерттеулер орталығының жетекшісі:

– Бұл көпшілік күткен нәтиже. Тұңғыш Президент пен билік басындағы партияның қолдауы Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықаралық сахнада танымалдыққа ие болып, елін өрлетіп, жаңа халықаралық жобаларға қатыстыруға жол ашып тұр. Өз атымнан қазақ халқын демократиялық сайлауда жасаған таңдауымен құттықтап, елдеріңізге сәттілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы