389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық мамандар Сеулдегі халықаралық конференцияға қатысты

  • 186
  • UPD: 22:50, 22.09.2019
Қазақстандық мамандар Сеулдегі халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан шет елдердің дамуы үшін көмек көрсету жүйесі тәжірибесін зерделейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сеулде осы мәселеге арналған халықаралық конференция өтті. Оған мыңнан астам маман қатысты. Қазақстан делегациясы Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Бұл ұйымның 30 жылдық тәжірибесі бар. KOICA 2011 жылға дейін Қазақстанға да көмек көрсетумен айналысқан.

Бірақ сегіз жыл бұрын біз донор елге айналдық. Республика Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне ғана емес, Сирия, Йемен, Сомали және Рохинья босқындарына көмек көрсетті. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде KazAID халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігін құру жөнінде жұмыс жүріп жатыр. Ол бес жыл бұрын қабылданған «Дамуға ресми көмек туралы» заңда қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы