422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

  • 124
  • UPD: 16:33, 12.11.2020
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына агенттік құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Серік Жұманғарин ведомствоның ашықтық саясатын жүзеге асырып жатқанын, проблемалық мәселелерді қоғам және бизнес өкілдерімен бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретін краудсорсингтік алаңдар мен кедергілер жөніндегі кеңестердің құрылғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының, сондай-ақ Қазақстан әуежайларындағы тұтыну тауарларының бағасын төмендету жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жайында мәлімет берілді.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сауда биржаларының қызметіне, сұйытылған газ бағасын арзандатуға, нарықтағы дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыруға қатысты жасалған жұмыстар туралы айтылды.

Қазақстан Президенті ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының және дәрі-дәрмек бағасын айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік басшысына экономиканың тиімділігін арттыруға, тауар биржасы мен бәсекелестікті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндеттемелер жүктеді.

Хабар 24 телеарнасы