386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазан айында Конфедерация кубогы жолындағы жарыстың іріктеу жекпе-жектері басталады

  • 634
  • UPD: 21:17, 22.07.2017

Бүгін екінші мәрте ұйымдастырылатын кешенді сынның жеребе тастау рәсімі өтіп, төрт топтың мүшелері анықталды.

«А» тобының спортшылары Талдықорғанда кездеседі. Алматы облысының орталығында Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облысының спортшылары сынға түседі.

«Б» тобында Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының командалары бар. Бұл топтың жарыстары Ақтауда өтеді.

«С» тобында Ақтөбе, Астана, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облысы күш сынасады. Жекпе-жектер Шымкент қаласында болады.

«Д» тобында Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстары мен Алматы қаласының командасы Таразда кездеседі.

Ұтыс қоры 125 млн теңге болатын кешенді сын бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, таеквондодан өтеді. Финалдық сайыс Алматыда болады.

Хабар 24 телеарнасы