379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал қазақ әншісі кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады

  • 724
Танымал қазақ әншісі кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады Stan.kz

Қазақ әншісі Ибрагим Ескендір кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады.

«Көк тудың желбірегені» деген әнімен танымал әнші алғашқы жекпе-жегін Мәскеуде өткізді.

«Boxing & Gym Academy» алаңында өткен бокс кешінде Ибрагим Ескендір MMA-дан әлем чемпионы қырғыз боксшысы Шерғазы Шақтановты екінші раундта нокаутпен жеңді. Орта салмақтағы былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған еді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы