385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путинцева Австралия Ашық біріншілігінің келесі кезеңіне өтті

  • 363
  • UPD: 18:33, 17.01.2018
Путинцева Австралия Ашық біріншілігінің келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралия ашық біріншілігінің екінші кезеңіне шықты.

Алғашқы айналымда британиялық Хизер Уотсонмен кездескен жерлесіміз 7:5, 7:6 есебімен басым түсті. Екі сағат 18 минутқа созылған ойынның екінші партиясында Қазақстандық теннисші 1:4 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды. Путинцева екінші кезеңде румыниялық Анна Богданмен кортқа шығады. Австралия ашық біріншілігін әлемнің бірінші ракеткасы Симона Халеп те сәтті бастады. Румын қызы жергілікті спортшы Дестани Айяваның осал тұсын тапты. Есеп: 7:6, 6:1. Симона Халеп екінші кезеңде канадалық Эжени Бушармен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы