388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхенчхан: 10 ақпан күні сайысқа шығатын қазақстандық спортшылар

  • 599
  • UPD: 09:37, 10.02.2018
Пхенчхан: 10 ақпан күні сайысқа шығатын қазақстандық спортшылар

10 ақпанда Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарының ресми алғашқы жарыс күні.

Байрақты бәсекеге қатысушылар 5 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Атап айтар болсақ, шаңғы жарысы, шорт-трек, конькимен жүгіру, трамплиннен секіру және биатлоннан медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Бір ерекшелігі, бұл 5 спорт түрінде де қазақстандық спортшылар бар. Әсіресе ел үлкен үміт артып отырған биатлоншылар жарыс жолына шығады. Олар Галина Вишневская, Ольга Полторанина және Алина Райковалар. Сонымен қатар Мәдіғали Қарсыбеков  баптайтын шорт-трек шеберлерін де жеңіс тұғырынан көріп қалуымыз ғажап емес. Өйткені ұлттық құрама жігіттері Сочи Олимпиадасы мен әлем чемпионаттарында үздіктер қатарынан табылып жүр. Отандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал спорттық бәсекелердің жалпы кестесімен «Хабар 24» және «Хабар» арнасының сайттарынан таныса аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы