383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио төрінде тарихи жеңіске жеткен жерлестеріміз елге оралды

  • 337
  • UPD: 17:58, 02.05.2018
Токио төрінде тарихи жеңіске жеткен жерлестеріміз елге оралды

Біз осының алдында қазақстандық каратэшілер Жапония ашық чемпионатынан 4 алтын және 2 күміс жеңіп алғанын айтқан болатынбыз.

Бұл – ұлттық құрама үшін бұрын-соңды болмаған керемет жетістік. Жерлестеріміздің жеңіске деген ерекше ұмтылысы үшін алаң иелері «ең үздік техника» иегері деген атақты да қазақстандық спортшыларға берді. Яғни әлемнің түкір-түкпірінен жиналған мыңнан аса киокушин шебері арасынан теміртаулық Никита Гарас осы құрметке лайық деп танылды. Аса ауыр салмақтағы каратэші байрақты бәсекеде қарсылас шақ келтірмеді. Ал қыздар арасында «ең үздік техника иегері» Әлемгүл Сабырхан атанды.

Никита Гарас, Жапония ашық чемпионатының жеңімпазы:

- Жапониядағы чемпионат тәжірибемізді толыстырып, шеберлігімізді шыңдауға көмектесті. Енді алда маусым айында Астанада өтетін Азия чемпионаты бар. Бірден соған дайындыққа кірістік. Ал алыс болашақта киокушинкай каратэден әлем чемпионы болғым келеді және оған барлық мүмкіндігім бар.

Хабар 24 телеарнасы