377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде дзюдодан ашық чемпионат өтіп жатыр

  • 765
  • UPD: 19:04, 04.05.2018

Еліміздің ең үздік дзюдошылары Өскеменде бас қосты. 23 жасқа дейінгілер арасындағы ашық ел чемпионатына 300-ге жуық шығыс жекпе-жегінің шебері жиналды.

Бұл жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан спортшылары да қатысып жатыр. Жарыс бағдарламасы бойынша ерлер 3 және қыздар 3 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Чемпионат 2 күнге созылады, сәйкесінше, оның жалпы қорытындысы ертең белгілі болады. Айта кетейік, Өскмендегі ашық чемпионат белгілі дзюдо және самбо шебері Талғат Ақтаевтың құрметіне ұйымдастырылып отыр. Ол 2005 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келеді. Ал соңғы 3 жылда ашық форматқа көшіп, оған басқа елдің спортшылары да қатысуға мүмкіндік алды.

Хабар 24 телеарнасы