364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық таеквондошы жүлдесін Денис Тенге арнады

  • 292
  • UPD: 23:54, 23.07.2018

Оңтүстік Кореядағы таэквондодан халықаралық жарысқа қатысып жатқан спортшыларымыз Денис Тенді бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Сочи олимпиадасы қола жүлдегерінің қазасы таэквондошы қыз-жігіттеріміз үшін де төбеден жай түскендей әсер еткен. Сондықтан спортшыларымыз жекпе-жек алаңына қолдарына қара бау тағып шықты. Осы кезде ұлттық құраманың бапкерлері аяулы азаматымыз Дэнис Тэннің аты жазылған жейделер дайындап, оларды жарыста жеңіп шыққан тарландарымызға кигізу туралы шешім қабылдады. Мұндай құрмет бірінші болып Рио-де-Жанейродағы олимпиадада ұлттық құраманың туын көтеріп шыққан Руслан Жаппаровқа бұйырды. Бүгін ол «Korea Open» чемпионатында үшінші орынға ие болып, қола жүлдені жеңіп алды. Таэквондошы жігітіміз өзінің жеңісін Денис Тенге арнағанын жеткізді.

Руслан Жаппаров, таэквондодан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:

– Денис Тен туралы біз Кореяға келгеннен кейін естідік. Бұл жаңалық құрама командаға қатты тиді.

Осы категория бойынша: « «Тур де Франс» веложарысы: Қазақстандық шабандоз жеңісін Денис Тенге арнады Хабиб Нурмагомедов Головкинге: Сен мықтысың »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы