374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абель Санчес «Канелоға» ескерту жасады: Ол ұйқыға кетеді

  • 198
  • UPD: 10:06, 02.08.2018
Абель Санчес «Канелоға» ескерту жасады: Ол ұйқыға кетеді Boxing.ru

WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (49-1-2, 34 КО) 15 қыркүйекте өтетін реванш алдында ескерту жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Санчес Альварестің бірінші жекпе-жекте өзін қалай көрсеткені ұнамағанын айтады. Оның айтуынша, «Канело» барлық 12 раунд бойы батылдық танытпай, қарсыласынан қашып жүрді. Нәтижесінде жеңімпаз анықталмай, кездесу тең есеппен аяқталған еді. 

Басылымның мәліметінше, енді Санчес мексикалық бұл жолы батылдық танытады дегенге сенеді.

«Бұл туралы бірінші раундтың алдында да айтылған болатын, бірақ Альварес ол жекпе-жекті жүгіруден болатын жарысқа айналдырып жіберді. Реванш болатын күні Оскар Де Ла Хойя («Канелоның» промоутері) Саульге рингте батыл болу керектігін ескертеді деп ойлаймын. Альварес Головкинді нокаутқа түсіргісі келсе, Головкинмен жұдырықтассын. Айтып өткенімдей, «Канело» бірінші жекпе-жекті жүгіруге айналдырды. Ол шынымен жұдырықтасқысы келсе және жанкүйерлерінің көңілін қалдырғысы келмесе, ұйқыға кетеді. Мен мұны осыған дейін де бірнеше рет айтқан болатынмын», – деп келтірді Worldboxingnews.net басылымы Санчестің сөзін.

Осы категория бойынша: « «Астана» клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты Астанада велотректен әлем чемпионатына іріктеу жалғасуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы