376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ат спорты дамып келеді

  • 1637
  • UPD: 13:47, 10.12.2018
Ақтөбеде ат спорты дамып келеді

Аударыспақтан алдына жан салмайтын чемпиондар шықты. Көкпаршылар командасы еліміз бойынша екінші орынға табан тіреді. Таза ауада салт атпен серуендеудің ем екенін білетіндер  иппотерпия курсын ашты.

Жылқыға құмарлық қазақтың қанында бар. Ат жалын тартып мінер жасқа жеткенде тоқымқағарын жасап, тойын қылған. 15 жасар Әлішер осыдан 4 жыл бұрын атқа мінуді үйренді.  Қалалық №10  балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде жаттыға жүріп, жарыстарға да қатысты. Аударыспақтан жасөспірімдер арасында аударыспақтан Қазақстан чемпионы болды.

Астындағы аты Байторысының бабын біледі. Ірі додаға түскенде серігі де осы сезімтал жануар. Ат үстіндегі айқастың, яғни аударыспақтың қыр-сырын әбден меңгеріп алған.

Әлішер Сәлімжан, оқушы:

Жануар ерекше, ұнайды мінген.  Жаттығу кезінде аударыспақтың түрлерін үйренем, әдістерін үйренем. Атты күтуді білемін, олар жем-шөп, сәбіз, шекер жейді.

Өңірде ат спорты 2005 жылдан бері қарай дами бастады. 4 жыл бұрын арнайы ғимарат салынды. Күн салқындағанда жабық манежде жаттығуға болады. Ұлттық ат спортына қызығатын жастар көп. Спорт мектебіндегі түрлі үйірмеге 400-ден астам бала келеді. Кәсіби түрде жаттығып жүргендердің ішінен 4 Қазақстан чемпионы, 3 Азия чемпионы шықты. Болашақта аудандарда да ат спортын дамыту жоспарда.

Бақтияр Төлеуов, №10 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

- Аудандарда қазір командалық ойындарды дамытып жатқан жігіттер бар. Осылардың арасында облысқа көшкеннен кейін филиал ашып, соларды сағат беріп, осы жаққа әкеліп, ұлттық спортты үлкен ауқымды көлемде дамытамыз деген ойдамыз. Елбасшымыздың айтып жатқаны, ат спорты туралы, мына атқа мінсең көптеген ауруға ем. Оны біліп қазақ атқа мінген.

Дәл мұндай жабық манеж ат спорты дамыған облыстардың өзінде сирек кездеседі. Бұл жерде иппотерапия курсы да өтеді. Мүгедек балаларды емдеу әдісін оқып келген мамандар аптасына бірнеше рет ем жүргізеді. Жылқы малы бір аттағанда бұлшық еттерімен 110 қимыл жасайды екен. Үстінде отырған бала оны сезініп, өз аяғымен жер басқандай болады.

Спорт мектебінде 30ат болса, оның 12-сі көкпарға шығады. Аударыспақ пен теңге ілуге ыңғайлы аттар өз алдына. Айта кетейік, биыл Ақтөбенің көкпаршылары еліміз бойынша екінші орынға шықты.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы