378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Андалусия Вуэльтасы: «Астана» шабандозы жалпы есепте жеңіске жетті

  • 199
Андалусия Вуэльтасы: «Астана» шабандозы жалпы есепте жеңіске жетті prosports.kz

Испания жерінде «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндігінің бесінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Соңғы кезеңде Mitchelton-Scott командасының италиялық шабандозы Маттео Треттин топ жарды. Euskadi Basque Country – Murias шабандозы Энрике Санс екінші, Movistar Team өкілі Карлос Барберо үшінші болып келді.

Бұл кезеңде «Астана» сапынан үздік нәтижені испан спортшысы Йон Исагирре көрсетті. Ол мәре сызығын он үшінші болып кесті.

Ал «Астана» командасының даниялық шабандозы Якоб Фульсанг жалпы есепте көш бастады. 

Хабар 24 телеарнасы