389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» - «Порту» 2:0

  • 670
  • UPD: 12:04, 10.04.2019
Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» - «Порту» 2:0 ua-football.com/

«Ливерпуль» чемпиондар лигасының ширек финалында «Портуды» қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесудің бесінші минутында Наби Кейта есеп ашты. Тайм ортасында Роберто Фирмино «Порту» қақпасына екінші допты соқты. Үзілістен кейін нәтиже өзгерген жоқ. Қарымта ойын Португалияда 17 сәуірде өтеді.

Юрген Клопп «Ливерпуль» ФК бас бапкері:

Мен жігіттерге ризамын. Бірақ босаңсуға болмайды. Алда қарымта кездесу күтіп тұр. Екі доп соққаннан кейін ойынды бақылауда ұстадық. Қақпамызға гол жіберген жоқпыз. Бұл жақсы нәтиже. Тамаша ойын үлгісін көрсеттік. Екінші гол біздің бүгінгі деңгейімізді паш етті.

***

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8-ші финалы өтеді. «Ақтөбе» Қостанайда «Ертісті» қабылдайды. Өскеменде «Алтай» мен «Астана» алаңға шығады. «Қайсар» «Оңтүстік Академиясына» қонаққа барады. «Оқжетпес» «Ордабасыны» күтеді. «Каспий» «Қайратпен», ал «Ақсу» «Тобылмен» ойнайды. «Тараз» - «Шахтер» өзара ширек финал жолдамасын сарапқа салады. «Атырау» «Жетісумен» кездеседі.

 ***

Чемпиондар лигасы: «Тоттенхэм» - «Манчестер Сити» 1:0

Чемпиондар лигасының ширек финалдағы екінші кездесуі де Ұлыбританияда өтті. «Тоттенхэм» Лондондағы су жаңа стадионында «Манчестер Ситиді» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 78-ші минутта Сон Хын Мин соқты. Матчтың 13-ші минутында Серхио Агуэро пенальтиден мүлт кетті. «Манчестер Сити» шабуылысының соққысын қақпашы Льорис кері қайтарды.

Маурисио Покеттино, «Тоттенхэм» ФК бас бапкері:

- Керемет ойын болды. «Манчестер Сити» алаңында қарымта матч бар екенін ұмытпау керек. Бүгінгі ойын сапасына ризамын. Қарсыластар пенальти соға алмаған соң жігіттердің бойында сенім пайда болды. Кейін аздап жарақаттанып қалды. Оның жағдайы белгісіз. Мүмкін ол үшін маусым аяқталды. Әрине, Харри бізге керек ойыншы. 

 ***

Бүгін «Манчестер Юнайтед» - «Барселона» кездесуі

Бүгін чемпиондар лигасының ширек финалы тағы екі ойынмен жалғасады. «Аякс» Амстердамда «Ювентусты» қабылайды. Ұлыбританияның тағы бір мықтысы «Манчестер Юнайтед» Месси бастаған «Барселонаны» күтеді. Ағылшын командасы Еурокубок додасында ПСЖ-ны жолда қалдырды. Өз алаңында 0:2 есебімен есе жіберген Сульшер шәкірттері Парижде 3:1 нәтижесімен басым түсті. Бұл жеңіс «Юнайтед» футболшыларының рухын көтерді. Алаң иелері сапында Байи мен Дармиан және Санчес жоқ. Каталониялықтар Рафиньяға сенім арта алмайды.

Эрнесто Вальверде, «Барселона» ФК бас бапкері:

Мықты команданың бәрі жеңіске ұмтылады. Біз де сол мақсатпен келдік. «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» де осы турнирде топ жарудан дәмелі. «Манчестер Юнайтед» Париждегі жеңісінен кейін күшейе түсті. Біз де өзімізге сенімдіміз.

 ***

Елордада хоккейден халықаралық турнир басталды

Елордада шайбалы хоккейден 12 жасқа дейінгі балалар арасында халықаралық турнир басталды. Алты команда арасындағы жарысқа «Барыс» балаларынан бөлек, Ярославлдың «Локомотиві» мен Петербургтың СКА командасы қатысады. Минскінің «Динамосы» мен Братиславаның «Слованы» да жарыс көркін қыздырады. Бейжіңнен «Кунлунь Ред Стар» ізбасаралы келді. Алғашқы турда «Барыс» балалары СКА командасымен айдынға шығып, 3:7 есебімен жеңіліп қалды. Халықаралық жарыс сенбі күні аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы