384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды

  • 526
Хоккейден әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды

Шайбалы хоккейден Словакияда өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды.

Ресей командасы АҚШ-тан 4:3 есебімен басым түссе, Канада хоккейшілері овертаймда Швейцариядан айласын асырды. Есеп:3:2. Финляндия ширек финалда қазіргі әлем чемпиондары Швецияның осал тұсын тапты. Қосымша уақытқа дейін созылған матчта 5:4 есебі тіркелді. Чехия 5:1 нәтижесімен Германияны жеңді. Жартылай финал ойындары ертең өтеді. Ресей Финляндиямен айдынға шықса, Канада Чехиямен финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Хабар 24 телеарнасы